#

# Жаңалықтар

Жанар Рымжанова «БКЛК» АҚ директорлар кеңесінің төрағалығына ұсынылды

24.12.2014

«Біріктірілген көліктік-логистикалық компания» АҚ директорлар кеңесінің төрағалығына БКЛК жобалық офисінің жетекшісі және РТЖ, аға кеңесшісі Жанар Рымжанованың кандидатурасы ұсынылды. Рымжанованың кандидатурасы РТЖ директорлар кеңесімен бекітіліп, жақын уақытта БКЛК директорлар кеңесінің қарастырылуына шығарылатын болмақ.

«Қазақстан темір жолы» тарапынан БКЛК директорлар кеңесіне экономика және қаржы жөніндегі вице-президент Қанат Алпысбаев, ал Белоруссия темір жолдары тарапынан — оның бастығы Владимир Морозов кірді. БКЛК директорлар кеңесінде РТЖ холдингісін теміржол тасымалдауларын ұйымдастыру жөніндегі, аға вице-президенті Анатолий Краснощек, РТЖ президентінің аға кеңесшісі Жанар Рымжанова және «ТрансКонтейнер» ААҚ бас директоры, БКЛК президенті Петр Баскаков ұсынып отыр.

Тәуелсіз директорлар ретінде кеңес құрамына РСПП президенті Александр Шохин, Финляндияның VR-Group мемлекеттік теміржол компаниясының бас директоры Хенри Куйтунен, сонымен бірге «ТрансКонтейнер» директорлар кеңесінің мүшелері Ирина Шиткина («Холдинговая компания Элинар» FF) ААҚ бас директорының кеңесшісі) және Дэвид Хекстер (Private Equity New Markets консультациялық кеңесінің төрағасы, Каспий Банкі директорлар кеңесінің мүшесі, XENON Capital Partners халықаралық кеңесшісі) кіріп отыр.

Қазір Жанар Рымжанова РТЖ президентінің аға кеңесшісі лауазымында. Бұнымен қатар, «Трансконтейнер» ААҚ директорлар кеңесінің төрағасы және БКЛК жобалық офисінің бас директоры болып табылады. Бұдан бұрын Қазақстан Республикасының Сырттан қарыз алу жөніндегі комитет төрағасының орынбасары қызметін атқарса, бұдан кейін Еуропалық қайта құру және даму банкінде бірқатар жетекшілік лауазымдарында болып, инфрақұрылымдық және көліктік секторлардағы жұмыс үшін жауап беріп келді.

«БКЛК» АҚ 2014 жылдың 13 қарашасында тіркелген болатын. БКЛК президенті болып 2006 жылдан бастап «Трансконтейнер» ААҚ бас директорының қызметтерін атқаратын Петр Баскаков тағайындалды. БКЛК құрылтайшыларының қатарында «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ (ҚТЖ), «РЖД» ААҚ және «Белоруссия темір жолы» мемлекеттік бірлестігі (БЖД) бар.