#

# Жаңалықтар

Қытайдан Астана қаласында салынып жатқан LRT құрылысына арналған рельстердің ірі партиясы жеткізілді

04.04.2025

 

2025 жылғы наурыз айының соңында Қытай Халық Республикасынан Қазақстан аумағына 64 вагоннан тұратын рельстер тиелген жүк құрамасы Достық станциясына келіп жетті. Аталған рельстер Астана қаласында салынып жатқан жеңіл рельсті көлік (LRT) желісінің құрылысына арналған. Бұл жеткізілім — LRT эстакадасындағы рельс жолдарын төсеу жұмыстарының аяқталуына дайындықтың бір бөлігі болып табылады.

Жүктің Қазақстан аумағындағы экспедициялық қызметін «Кедентранссервис» АҚ жүзеге асыруда. Қытай тарапынан жүк жөнелтуші — China Railway Asia Europe Construction Investment Co. Ltd.

Екінші сәуірден бастап Достық станциясында рельстерді тар табанды вагондардан кең табанды вагондарға ауыстыру жұмыстары басталды. Барлық жұмыстар Кедентранссервистің Достық станциясындағы арнайы алаңында жүргізілуде.

Үшінші сәуірде Достық станциясынан Сороковая станциясына 742 тонна рельс тиелген 14 вагон жөнелтілді.