Жаңалықтар

Қытай Алматы агломерациясында көлік-логистикалық хаб құрылысына инвестиция салуда
2025 жылғы 19 ақпанда Үрімшіде «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Н.Е. Сауранбаев Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитеті Саяси Бюросының мүшесі, ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы партия комитетінің хатшысы Ма Синжуй мырза мен кездесу өткізіп, Қазақстандағы Қазыбек Бек көлік-логистикалық хабының құрылысына 1 млрд юань инвестиция салу туралы келісімге қол жеткізді.
Аталған хабтың басты артықшылықтары дамыған инфрақұрылымы, халықаралық көлік дәліздерінің тоғысқан нүктесінде орналасуы және Қазақстанның ірі агломерацияларын тиімді қамтамасыз ету әлеуеті.
Логистикалық орталықтың негізінде заманауи көлік логистикалық қызметтер платформасы құрылып, ол Қазақстанның басты көлік хабы ретінде импорттық және транзиттік жүктерді тиімді шоғырландыруға мүмкіндік береді.