Жаңалықтар
ҚТЖ мен ФинИнвест ниет туралы меморандумға қол қойды
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және «ФинИнвест» ЖШҚ көліктік-логистикалық компаниялар тобы контейнерлік тасымалдарды және ілеспе терминалдық инфрақұрылымды дамыту саласындағы ынтымақтастық ниеттері туралы меморандумға қол қойды. Құжатқа Ресей президенті В. Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында Астана қаласында қол қойылды.
Тараптар Қазақстан арқылы ресейлік жүктердің транзитін ұлғайтуға мүмкіндік беретін Астана қаласында заманауи мультимодальды көлік-логистикалық орталық салу мүмкіндігін қарастыруда.
Терминалдық инфрақұрылымды дамыту тұрақты халықаралық логистикалық дәлізді құруға ықпал етеді және елдің транзиттік әлеуетін кеңейтуге қосымша серпін береді.
Анықтама:
«ФинИнвест» ЖШҚ — Ресей Федерациясында заманауи мультимодальды көлік-логистикалық орталықтары (КЛО) құру бойынша ең ірі жеке инвестор. Жоспарда-жиынтық қуаттылығы шамамен 5,65 млн ЖФЭ болатын 11 КЛО салу.
Cурет: Ақорда баспасөз қызметі
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі