#

# Жаңалықтар

ҚТЖ 2027 жылға дейін 9 терминал салады

26.11.2024

Елдің транзиттік әлеуетін дамыту үшін ҚТЖ терминалдық желіні жедел дамытуда. Бұл жүктердің көлемін ұлғайтуға және тасымалдау бағасының тұрақтылығына кепілдік береді.

Қазір компания контейнерлік пойыздар жалпы көлемінің 40% жүгі қалыптасатын Қытайдың Сиань қаласындағы ең ірі құрғақ портын қосқанда 5 терминалды пайдаланады. 2025 жылы тағы 5 терминалдың құрылысы аяқталуда, 2026 жылы 4 терминал салынады.

Транзиттік инфрақұрылымды алдын ала дамыту бойынша қабылданған шешімдер арқасында жүк ағыны жыл сайын артып келеді. Контейнерлік транзиттік тасымалдар 3 жыл ішінде 30% өсті – 2021 жылғы 1 млн — нан 2024 жылғы бағалау бойынша 1,3 млн. ЖФЭ-ге дейін. Орта дәліз (ТМТМ) бойынша тасымалдау 25 есе өсті.

“Қазақстан темір жолы” ҰҚ” АҚ баспасөз қызметі