Жаңалықтар
Сиань жүк терминалынан Сиань (ҚХР) – Алтынкөл эксп. (Қазақстан) – Джизак (Өзбекстан) бағыты бойынша контейнерлік поезд жөнелтілді
Ағымдағы жылдың 30 маусымында Сиань қаласынан (ҚХР) «Қытай-Қазақстан сауда-логистика компаниясы» ЖШС бірлескен кәсіпорнының демеушілігімен BYD Uzbekistan Factory компаниясының автомобиль өндірісіне арналған жүктері бар контейнерлік пойызы жөнелтілді.
Сиань (ҚХР) – Алтынкөл эксп. (Қазақстан) – Джизак (Өзбекстан) бағыты бойынша автокөліктердің қосалқы бөлшектерімен 50 бірлік қырық футтық контейнерден тұратын пойыз жөнелтілді. Жоғарыда аталған бағытты өте отырып, контейнерлік пойыз елдер арасындағы экономикалық өзара іс-қимылдың жаңа бағыттарын ашады, бұл өз кезегінде тұрақты жүк ағынын қамтамасыз етеді және Қазақстанның аймақтағы негізгі транзиттік хабқа айналуына оң мультипликативті әсер етеді.
Сиань қаласындағы Қазақстан-Қытай терминалы шын мәнінде маңызды стратегиялық жоба болып табылады. Оның құрамына Қытайдың ең ірі құрғақ порты кіреді, ол Қазақстан мен Қытай арасындағы логистика мен жүк тасымалдауда маңызды рөл атқарады. Бұл терминал Қазақстанға жөнелтілетін контейнерлік пойыздардың жалпы көлемінің 40% құрайды. Биылғы жылы Сиань қаласындағы Қазақстан-Қытай терминалының инфрақұрылымы арқылы 6 892 ДФЭ немесе 70 контейнерлік пойызын жіберу жоспарлануда.