Жаңалықтар

Сиань қаласында (Қытай) қазақстандық жүк терминалы сынақ режимінде пайдалануға берілді
Сиань қаласында (Қытай) қазақстандық жүк терминалы сынақ режимінде пайдалануға берілді. Терминал рекордтық мерзімде салынды. Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылдың мамыр айында жобаны қолдайтынын білдірді.
Сиань Қытай-Еуропа бағыты бойынша контейнерлік пойыздардың жалпы көлемінің 40%-ға дейіні қалыптасатын Ұлы Жібек жолындағы ең перспективалы сауда-логистикалық хаб ретінде орналасқан.
Сиань қаласында стратегиялық маңызды жүк терминалының ашылуы Қазақстан бағытында тұрақты жүк ағынын қамтамасыз етуге, елдің аймақтағы көшбасшылығын нығайтуға, Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық қарым-қатынасты нығайтуға және қазақстандық экспорттаушылар үшін жаңа нарықтарға жол ашуға мүмкіндік береді. Терминал алғашқы жұмыс күнінде Қостанайдан қазақстандық арпа тиелген контейнерлік пойызды қабылдады.