#

# Жаңалықтар

Сұлтанов А.Т. «Эстон темір жолы» АҚ Басқарма Төрағасымен келіссөздер жүргізді

26.07.2021

«Кедентранссервис» АҚ Бас директоры Сұлтанов Арман Тұрлыханұлы мен  «Эстон темір жолы» АҚ Басқарма төрағасы – Бас директоры Циммерманн Кайдо өзара тиімді ынтымақтастықтың болашағы туралы іскерлік келіссөздер жүргізді.

Кездесу барысында Циммерман мырза компания қызметінің негізгі бағыттарымен және одан әрі даму жоспарларымен, оның ішінде цифрландыру мен фитингтік платформалар паркін жаңартумен танысты.

Келіссөз қатысушылары серіктестікке дайын екендіктерін атап өтіп, өзара тиімді ынтымақтастық пен мемлекетаралық байланыстарды нығайту үшін бірнеше бағытты айқындады.