Бұған дейін, ағымдағы жылдың қазан айының басында компания Сізге ГТС-1 терминалынан, Алтынкөл-Қорғас МАТП арқылы Алматы – 1-ҚХР станциясынан тұрақты контейнерлік сервистің іске қосылғаны туралы хабарлады.
Бүгінгі күні осы бағыт бойынша 1 166 контейнер жіберілгенін қуана хабарлаймыз (оның ішінде қазан айында – 1080, қарашаның бес күнінде – 86).
Қырық футтық контейнерлерді жөнелту сервисінің құны 99 554 теңгені құрайды. Бұл кешенді мөлшерлеме терминалдық қызмет көрсетуді, платформаны ұсынуды және теміржол тарифін қамтиды.
Бүгінгі таңда маршрут аптасына 2 рет, сәрсенбі және жұма күндері жүреді. Жеткізу уақыты-1,5 күн.
Бұл көлік сервисінің артықшылығы:
— жүйелілік;
— тіркелген тариф;
— жылдамдық.
«Кедентранссервис» АҚ контейнерлерді жөнелту санын аптасына 3 ретке дейін арттыруды жоспарлап отыр.
Серіктестер мен экспедиторлық компанияларды бізбен бірге осы қызметті жүзеге асыруға қатысуға шақырамыз.
Сіздерді Күтеміз!
Өтінімдер келесі электронды мекенжайлар бойынша қабылданады:
Kf-almaty1@mail.ru
kense@kdts.kz
Барлық сұрақтар бойынша төменде көрсетілген нөмірге хабарласуға болады:
☎ +7 7272 962291
Жаңалықтар
Құрметті «Кедентранссервис» АҚ клиенттері мен серіктестері!
06.11.2020
Құрметті «Кедентранссервис» АҚ клиенттері мен серіктестері!