Жаңалықтар
Орталық Қытайдан Еуропаға контейнерлік пойызды іске қосу
2019 жылдың желтоқсан айының соңында Қытайдың орталығындағы Сиань қаласынан Польша Республикасындағы Славкув станциясы бағытында алғашқы контейнерлік пойыз жөнелтілді. Еуропа, Оның ішінде Германия, Польша, Венгрия, Чехия, Болгария елдерінің әртүрлі сатып алушыларына арналған автоқұрастырушы және халық тұтынатын өзге де тауарлары бар 45 қырық футтық контейнерлерден тұратын контейнерлік құрам Қытай, Қазақстан, Ресей, Украина аумағы арқылы өтті және Изов/Хрубушев өткелінде украин-поляк шекарасын кесіп өтіп, одан әрі Славкув станциясына дейін жетті.
Пойыз құрамы «Кедентранссервис» АҚ және «ТрансКонтейнер»ЖАҚ жылжымалы құрамынан құрылған. Сондай-ақ, «Кедентранссервис» АҚ жаңа жобаны іске асырудағы әріптестері «KTZ Express» АҚ және » Металлургическая Ширококолейная Дорога » ЖШҚ (ЛХС ӨКК) болып табылады.
Қытайдағы жөнелту станциясынан Славкув станциясына контейнерлік пойыздың жүктерін жеткізу мерзімі 12 күнді құрады.
Перспективада «Кедентранссервис» АҚ осы сервисті тұрақты негізге айына кемінде 2 рет көшіруді жоспарлап отыр, бұл Қазақстан арқылы транзиттік жүктер көлемінің ұлғаюына ықпал етеді. Теңіз тасымалымен салыстырғанда Қытайдан Еуропаға жүктерді жеткізу мерзімі екі есе қысқарған жағдайда тұрақты поезға сұраныстың болуына кепілдік беріледі
Анықтамалық түрде:
Металлургическая Ширококолейная Дорога ӨКК ЖШҚ (ӨКК ЛХС) өз қызметін 2001 жылдың шілдесінен бастап жүргізеді және ӨКК (Польша) компаниялар тобына кіреді, «Транскаспий Халықаралық Көлік Бағыты» ТХКБ Халықаралық қауымдастығының (MiddleCorridor) қауымдастырылған мүшесі болып табылады.
ӨКК ЛХС кең мүмкіндіктері Польшаның өнеркәсіптік аймағы-Силезиядағы хрубушев/Изов және Славкув поляк – украин шекарасын байланыстыратын 400 км шамасындағы Еуропадағы ең ұзын теміржол желісін (жолтабан ені 1520 мм) басқарумен шартталады, бұл шекарада артық жүк тиеуді қажет етпей және ауыр және ұзындығы 950 м ұзын пойыздарды ЕО-ға тасымалдау мүмкіндігін береді.
ЛХС кең жолақты желісінің Еуропа мен Азия елдерінің теміржол желісімен тікелей байланысы бар. ЛХС желісінде орналасқан станциялар жолтабан ені 1435 мм еуропалық желімен түйісетін (берілетін) станциялар болып табылады.
Славкув ЛХС — жолдың ені 1520 мм болатын № 65 жолдың соңғы станциясы — станцияның ені 1435 мм болатын № 62 сызықпен қосылуы бар көптеген заманауи жүк тиеу және сақтау терминалдарымен жабдықталған логистикалық орталық.