#

# Жаңалықтар

Орталық аппараттың 60% астам қызметкері вакцинация алды

14.06.2021

«Кедентранссервис» АҚ орталық аппаратының қызметкерлері белсенді түрде коронавирусқа қарсы вакцинация алуда.

Вакцинация алу мәселесі Компания басшылығының бақылауында және коронавирусқа қарсы күресте вакцинация ең тиімді шешім екенін ұжым мүшелері түсіністікпен қабылдайтындығын атап өткен жөн.

Сонымен қатар компанияда тұрақты түрде түсініктеме жұмыстары жүргізілуде, «Медикер» ЖШС және басқа да медициналық ұйымдардың  білікті дәрігерлерімен желіде сұрақ-жауап форматында қашықтан ақпараттық кездесулер өткізілді

Ағымдағы жылдың аяғына дейін қызметкерлердің 80% вакцина алады деп жоспарлануда.