Жаңалықтар
КТЖ басшылығының жұмыс сапары Алматы теміржол торабы кәсіпорындарын аралаумен жалғасты
КТЖ басшылығының жұмыс сапары Алматы теміржол торабы кәсіпорындарын аралаумен жалғасты
Жұмыс сапары кезінде ҚТЖ басшылығы Алматы-2 логистикалық кешенінің құрылыс барысымен танысты.
Бүгінгі таңда инженерлік-геодезиялық және геологиялық іздестіру жұмыстары жүргізіліп, демонтаж бойынша жұмыстар басталды.
Ауданы шамамен 10 гектар болатын терминал аумағында заманауи жабық (24 500 м2) және ашық (12 000 м2) қоймалардың, сонымен қатар контейнерлік алаңдардың (12 000м2) құрылысы қарастырылған.
Жобалық қуаты 57 мың ЖФЭ кешен құрылысын 2025 жылы аяқтау жоспарланған.
Жобаны жүзеге асыру Алматы қаласы мен Алматы облысының жүк жөнелтушілері үшін импорттық хаб режимінде ҚХР-дың іс жүзінде барлық өңірлерінен жүктерді жоғары деңгейде үйлестіруге мүмкіндік береді.