#

# Жаңалықтар

«Кедентрассервис» АҚ «ҚТЖ Экспресс» АҚ компаниясымен бірлесіп 2019 жылғы 16 мамырда Иран – Қытай бағыты бойынша тарихтағы алғашқы контейнерлік пойызды іске қосты

17.05.2019

Тегеран станциясынан Сиань қаласына баратын құрамында 41х40 фут гипс жүгі бар контейнерлік пойыздың бағыты Сарахс (Иран) шекара өткелінен, одан әрі Түрікменстан, Өзбекстан, Қазақстан аумақтары арқылы өтеді. Синджу станциясына (Сиань) жеткенге дейінгі сапар уақыты шамамен 15 күнді құрайды, бұл теңіз арқылы тасымалдау уақытының жартысына тең.