Жаңалықтар

«Кедентранссервис» және China Xinjiang Commercial Logistics (Group) бірлескен кәсіпорны
2025 жылғы 19 ақпанда Үрімші қаласында Қытай Коммунистік партиясы Орталық Комитеті Саяси бюросының мүшесі, ҚХР Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы Коммунистік партиясының хатшысы Ма Синжуй мырза мен «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Н.Е. Сауранбаев арасындағы кездесу барысында Қазақстандағы Қазыбек Бек көлік-логистика кешенін салуға 1 млрд юань инвестиция құю туралы келісімге қол жеткізілді.
Бүгін, 6 наурызда, «Кедентранссервис» АҚ және China Xinjiang Commercial Logistics (Group) Co., Ltd басшылығы Алматы қаласында бірлескен кәсіпорын құру туралы шешім қабылдап, жобаны іске асырудың негізгі аспектілерін талқылады.
Бірінші кезеңде теміржол терминалы, қоймалық және мультитемпературалық аймақтар, автомобиль техникасына арналған ашық алаңдар, сондай-ақ сусымалы жүктер мен астық сақтауға арналған алаңдарды қамтитын, аумағы 500 гектар және жылдық жобалық қуаты 350 000 ЖФЭ болатын заманауи кешеннің құрылысы жоспарлануда.
Аталған жобаны іске асыру Қазақстан мен Қытайдың көлік-логистикалық және сауда-экономикалық әлеуетін кеңейтуге ықпал ететін маңызды мультипликативтік әсер беріп, сондай-ақ өңірдегі ірі агломерациялардың дамуын жеделдетеді.