#

# Жаңалықтар

Кедентранссервис Unico Logistics компаниясымен ынтымақтастықты дамытуда

03.02.2025

2025 жылдың 3 ақпанында Астана қаласында «Кедентранссервис» АҚ Бас директоры (Басқарма Төрағасы) Елнар Жұматаев пен «Unico Logistics» компаниясының президенті HJ Park арасында Корея мен Қытайдың ірі автоқұрауыш бөлшектерін өндірушілерінің жүктерін тасымалдауды ұйымдастыру, Қазақстанның экспорттық жүктерін кері тиеу үшін Unico Logistics бос контейнерлерін ұсыну, сондай-ақ Қоғам инфрақұрылымында контейнерлерді консолидациялау жөнінде келісімдерге қол жеткізілді.

Unico Logistics — 30-дан астам шетелдік кеңселері бар, Оңтүстік Кореяның ең ірі тәуелсіз көлік компанияларының бірі және «СарыарқаАвтоПром» ЖШС-нің негізгі серіктесі.