#

# Жаңалықтар

Кедентранссервис «ТрансРоссия 2016» көрмесінде көліктік логистиканы дамытуға қатысты келіссөздер жүргізуде

19.04.2016

Көліктік-логистикалық қызметтер мен технологиялардың халықаралық көрмесі дәстүрлі түрде Мәскеу қаласында өткізіліп отырады.

«Кедентранссервис» АҚ «ТрансРоссия» көрмесіне осымен бірнеше жыл қатарынан қатысып келеді. Бұған дейінгі жылдардағыдай, компания бөлек қазақстандық-ресейлік ортақ кәсіпорын ретінде «Трансконтейнер» КАҚ тобының құрамында ұсынылған.

Компанияның көрмеге қатысуы барысында «Литовские железные дороги» АҚ-мен, «Русская тройка» ЖАҚ-мен, БКЛО-мен, «Nurminen Logistics» ЖШҚ-мен, «ОТЛК» ААҚ-мен, «Трансфин-М» КАҚ-мен және «Рейлтрансхолдинг» ЖШҚ-мен кездесулер және келіссөздер жоспарланып отыр.

«Кедентранссервис» АҚ-мен қатар көліктік-логистикалық компаниялардың қазақстандық саласынан «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Қазтеміртранс» АҚ, «Қазтранссервис» АҚ және KTZ Express, АҚ ұсынылған.

2016 жылғы іс-шаралар төмендегідей тақырыптық тарауларға бөлінді:

  • Көліктік қызметтер: авто, әуе, т/және су көлігінің тасымалдаулары; аралас және интермодальдік тасымалдаулар; курьерлік және экспресс жеткізулер
  • Ілеспелі қызметтер: жүктер экспедициясы; кеден қызметтері; қоймалық қызметтер
  • Логистикалық сервис: дистрибуция жүйелері, сақтау және тасымалдау; жүктерді өңдеу қоймалары мен орталықтары
  • Көліктік инфрақұрылым: кемежайлар және жүк терминалдары; темір жолдар
  • Техникалық құралдар: жылжымалы құрам және құрамдас өнімдер, контейнерлер; тиеу-түсіру және қоймалық жабдықтар; жүк автокөлігі
  • Қаржы қызметтері: сақтандыру; көліктік жабдықтардың лизингісі; инвестициялық бағдарламалар
  • Ақпараттық технологиялар: салалық бизнес процесстерді автоматтандыруға арналған шешімдер; көліктік және қоймалық логистиканы басқару жүйелері; навигация және мониторинг жүйелері.

Ұйымдастырушылардың ниеті бойынша, тараулардың әрқайсысы көрмеде ұсынылған әр көліктік компания қызметіндегі тиімділікті арттыру мүмкіндіктерін көрсетуі тиіс.