Жаңалықтар
«Кедентранссервис» компаниясы жалпы сомасы 11 млн. долларға теңелетін облигациялық қарыздарға қатысты міндеттемелерді толығымен орындап шықты
«Кедентранссервис» АҚ 1 млрд 676 млн 860 мың теңге (11 млн 352 мың АҚШ доллары) сомасында облигациялық қарыз бойынша міндеттемелерді 100% орындады.). Облигациялық қарызды өтеу күні-2012 жылғы 5 сәуір.
Естеріңізге сала кетейік, Компания 2007 жылдың 3 сәуірінде бір қағаз үшін номиналды құны 1 мың теңге болатын 5 млн облигация орналастырған болатын. Облигациялық қарыздың әрекет етуінің барлық кезеңінде биржада орналастырылған облигациялардың ең көп саны 1 млн 694 мың 320 данадан аспады. Осыған байланысты 2009 жылғы 17 қыркүйекте Компанияның Директорлар кеңесі облигациялар санын жоғарыда аталған деңгейге дейін қысқарту туралы шешім қабылдады.
Қарызды өтеу күні 2012 жылдың 7 сәуірінде белгіленді. 2012 жылғы 7 сәуірдегі Қазақстан уақыты бойынша 00:00-дегі жағдай бойынша «Кедентранссервис» ұстаушылар алдында міндеттемелері болмаған.