#

# Жаңалықтар

Кедентранссервис компаниясы транзиттік тасымалдауларды қамтамасыз ету мақсатында меншікті жылжымалы құрамды иеленуде

10.04.2014

«Кедентранссервис» көлік-логистикалық компаниясы («Қазақстан Темір Жолы «ҰК» АҚ мен «ТрансКонтейнер» ААҚ бірлескен кәсіпорны) меншікті жылжымалы құрамды сатып алу есебінен жүктерді контейнерлерде тасымалдау үшін қолданылатын платформалар паркінің көлемін ұлғайтады.

Жылжымалы құрамды жеткізуші — «металл құрылғыларының зауыты» ААҚ ресейлік өндірістік кәсіпорны (Саратов қ.). Қаржы лизингі шартының талаптары бойынша «Кедентранссервис» АҚ-ға 80 футтық 100 теміржол фитингтік платформасы берілді.

Жаңа платформалар Қытай — Еуропа, Қытай — Алматы қатынасындағы контейнерлік поездар құрамында қолданыстағы және жобалық транзиттік жүк тасымалдарында пайдаланылатын болады. Темір жол платформаларына лизинг шарты «Сбербанк Лизинг Казахстан» ЖШС-мен 7 жылға жасалды.

Естеріңізге сала кетейік, Кедентранссервис компаниясы жылжымалы құраммен операция жасау бойынша қызметті 2011 жылы жүзеге асыра бастады. Бүгінгі таңда Қазақстан-Ресей кәсіпорнының басқаруында 5000-нан астам вагон бар.

«Кедентранссервис» АҚ-Қазақстан Республикасының ең ірі сервистік-логистикалық компаниясы. Компанияның терминалдары еліміздің барлық өңірлерінде, ірі қалаларында және достық пен Алтынкөл шекаралық станцияларында орналасқан. Компанияның акционерлері «Трансконтейнер» ААҚ (50%) және «Қазақстан Темір Жолы «ҰК» АҚ (Қазақстан темір жолдары, 50%) болып табылады.

«Кедентранссервис» АҚ нысаналы бизнес-моделі — бұл Қазақстан мен Орталық Азияның әмбебап кешенді-логистикалық компаниясы. Бұл модель көлемді емес ауыр салмақты жүктерді қоса алғанда, контейнерлік, үйілме, бас жүктер сегменттерінде логистикалық қызметтердің барлық спектрін көрсетуді болжайды. Компания бизнесінің өзегін Қазақстан мен Орталық Азия аумағында экспедициялау және кешенді логистика, сондай-ақ осы аумақта жылжымалы құраммен операция жасау қызметтері құрайтын болады.