#

# Жаңалықтар

«Кедентранссервис» АҚ жетекші еуропалық Hamburger Hafen and Logistik AG көлік-логистикалық компаниясымен шартқа отырды

18.07.2024

2024 жылғы 18 шілдеде Астана қаласында «Кедентранссервис» АҚ басшылығы Hamburger Hafen and Logistik AG (HHLA) жетекші еуропалық көлік-логистикалық компаниясының бас директоры Филипп Свинспен кездесті.

Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасы мен шет елдерде терминалдық қуаттарды дамыту бойынша бірлескен жобаларды іске асыру, Транскаспий халықаралық көлік бағыты бойынша контейнерлік тасымалдарды ұйымдастыру мәселелері талқыланды және көлік экспедициясы қызметтерін қамтамасыз ету туралы келісімге қол қойылды.

2024 жылдың соңына дейін Алматы — Поти бағыты бойынша Philip Morris Kazakhstan компаниясының өнімдерімен 400 ДФЭ, Стамбул — Поти — Алматы бағыты бойынша Еуропадан Ericsson компаниясының жүгімен 280 ДФЭ, сондай-ақ Шымкент қаласынан Поти қаласына 1000 ДФЭ қазақстандық целлюлоза жөнелту көзделіп отыр.