#

# Жаңалықтар

«Кедентранссервис» АҚ және «Wuhan Han Ou» Халықаралық логистикалық компаниясы арасындағы меморандумға қол қойылды

03.07.2014

«Кедентранссервис» АҚ, «KTZ Express» АҚ «ҚТЖ «ҰК» АҚ еншілес компаниялары және Ухань қ. (Хубей провинциясы, ҚХР) «Wuhan han Ou» халықаралық логистикалық компаниясы арасында Ухань — Қазақстан — Еуропа «Hanxinou» маршруттық контейнерлік пойызы бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.

Қол қою Хубей провинциясының партия комитетінің хатшысы Ли Хон Джонгтың (Li Hong Zhong) Астанаға сапары барысында өтті. Оның «ҚТЖ «ҰК» АҚ президенті Асқар Маминмен кездесуі барысында Хубей провинциясы мен Қазақстан темір жолы арасындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту, Қазақстан арқылы транзитті ұлғайту мәселелері талқыланды.

Сол күні қол қойылған Меморандум «Кедентранссервис» АҚ және «KTZ Express» АҚ логистикалық операторларына Ухань — Қазақстан — Еуропа поезын өткізу бойынша өкілеттіктерді беруді, осы маршрутқа Қазақстан аумағы бойынша жолдағы құрамның уақытын едәуір қысқарта отырып, «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсетуді қамтиды.

— Қытайдан Еуропаға Қазақстан арқылы транзиттік тасымалдардың өсу қарқыны үлкен әлеуетті көрсетеді. 2013 жылы олардың өсуі 2012 жылға қарай 84% құрады. Биылғы 5 айда өсім көрсеткіші 276% — ға жетті, — деді А.Мамин қол қою рәсімінде.

Хубей провинциясы-Қытайдың Орталық экономикалық анклавы, теміржол, автомобиль, әуе және су компоненттері бар ҚХР-дағы ең ірі логистикалық тораптардың бірі. Хубей мен оның астанасы Ухань көлік өткелдері Қытайдың тағы тоғыз провинциясын тасымалдау қажеттіліктеріне қызмет етеді, олар өнеркәсіптік өнімдердің барлық спектрін шығарады.

— Бұл провинциялардың барлығы жүктерді шетелге тасымалдау үшін Ухань — Қазақстан — Еуропа бағдарын пайдалануды қажет етеді, — деп сендірді Ли Хон Джонг. — 2013 жылы Хубей мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 54 млн. Жаңа жобаны іске қосу арқылы біз 500 млн. доллар көрсеткішіне шығатынымызға сенімдімін.

Меморандумға қол қойылғаннан кейін Орталық Азиядағы Ухань — Қазақстан — Еуропа халықаралық логистикалық жобасының өкілдігі ашылды.