#

# Жаңалықтар

«Кедентранссервис» АҚ және «Транзит» ЖШҚ ынтымақтастықты кеңейтуде

05.02.2025

2025 жылдың 4 ақпанында Астана қаласында «Кедентранссервис» АҚ Бас директоры (Басқарма Төрағасы) Елнар Жұматаев пен «Транзит» ЖШҚ Бас директоры Александр Чевелюк Қоғамның қолданыстағы инфрақұрылымын пайдалана отырып тасымалдауды ұйымдастыру мәселелерін талқылау, сондай-ақ Көкшетау қаласында қазақстандық экспорттық жүктерді (бидай, ауыл шаруашылығы өнімдері және т.б.) және Қытайдан келетін импортты консолидациялау орталығы форматында қойма кешендері мен логистикалық терминалды дамыту жобасын іске асыру жөнінде келіссөздер жүргізді.

«Транзит» ЖШҚ — Ресейдің жетекші желілік операторларының қатарына кіретін ірі көлік-логистикалық компания.