#

# Жаңалықтар

«Кедентранссервис» АҚ «Тасымалдаулар» АЕЖ жанындағы ERP-жүйесін дамытудың жаңа кезеңін аяқтады

29.01.2015

«Кедентранссервис» АҚ есептік кезеңнің уақытын ықшамдап, тікелей шығындардың кешенді есебін автоматтандырды. Бұл компания үшін нақтылықпен әр жөнелтудегі қызметке дейінгі компания кірістілігінің абсолюттік мөлдірлігін қамтамасыз етіп отыр.

«Кедентранссервис» АҚ «Лестэр ИТ» мамандарымен біріге отырып, шығындар есебінің қайшылықсыз әдістемесін әзірледі. Жүйені терең жобалау бухгалтерлік есептердің жаңа тіркелімдерін қосып, шығындар есебі бөлімінің жұмысын әлдеқайда жеңілдетіп отыр деуге болады. Компанияда халықаралық қаржы есептілігінің стандарттарын (ХҚЕС) қолдаудың қосымша мүмкіндігі пайда болды. Атап айтқанда, келтірілген, алайда әлі орындаушымен берілмеген шығындар есепке алынып отырса керек. Бұл өз кезегінде есептік кезеңді жабудың уақытын ықшамдауға және салық салынатын базаны азайтуға болысады.

«Біз әр жөнелтудің кірісін басқарудың құралына қол жеткізіп отырмыз. Аталмыш жобаның нәтижесінде кәсіпорынның қорытындылық есептілігінің негізіне шығындарға қатысты сенімділікке ие нақты, ақпарат алынды. Ішкі тарифтік саясат, коммерциялық жұмыс, қызметкерлер құрамын және табысты басқару бөлігіндегі шешімдерді қабылдау үшін қосымша мүмкіндіктер ашылып отыр», — дейді «Кедентранссервис» АҚ вице-президенті Юрий Сукманов.

«Тасымалдаулар» АЕЖ теміржолға қатысты тасымалдаушылар үшін тән процесстерді автоматтандыру бойынша кең атқарымдық мүмкіндіктерге ие, сонымен қатар контейнерлік және вагон паркін басқаруға арналған құралдарды және екі елдің ұлттық тасымалдаушылары «РТЖ» ААҚ және «ҚТЖ» ҰК» АҚ ақпараттық жүйелерімен бірігу жөніндегі дайын шешімдерді қамтиды. Осы мүмкіндіктердің барлығы «Кедентранссервисте» енгізу барысында пайдаланылған болатын. Компания ішіндегі АТ-жүйелері арасындағы байланыс туралы айтатын болсақ, «Тасымалдаулар» АЕЖ «1С: Предприятие» бухгалтерлік есебінің жүйесімен біріктірілді.

«Тасымалдаулар» АЕЖ базалық функционалы «Кедентранссервис» АҚ-да 2012 жылы енгізілген еді. Жобаны 2013 жылы дамытқан «Лестэр ИТ» мамандары «Кедентранссервис» АҚ үшін көліктік-экспедиторлық қызмет көрсетудің ортақ айналымына орталық офис пен аумақтық бөлімшелерді енгізу мақсатымен интернет порталын да әзірлеген болатын.