#

# Жаңалықтар

«Кедентранссервис» АҚ құрамасы футзалдан «Самұрық-Қазына» Лигасы көшбасшыларының тізімінде

01.03.2016

Акционерлік қоғамның командасы «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ компаниялар тобының арасында футзал (мини-футбол) бойынша өткізілген жарыстар қатысушыларының қоласын ұтып алды. Көшбасшылардың қатарында, сондай-ақ «ҚазМұнайГаз» және «Қазақтелеком» командалары да бар.

Спорт іс-шарасы төрешілерінің атап өтуінше, екінші және үшінші орындарды бөлудегі соңғы ойын ең ауыр да, ең қызу өтті. Күміс және қола жеңімпаздарының арасында бір-ақ қана ұпайдың болғанын айта кету керек. Күміс 46 ұпайға жеңіп алынса, қола 45 ұпайды құрады.

«Кедентранссервис» құрамасы «Самұрық-Қазына», «Қазпошта», «Қазатомпром» және «Қазтрансгаз» командаларын артта қалдырып, көшбасшылар үштігінен орын алды. Ойыншылардың осы құрамы алғашқы рет жиналып отырған жоқ. «Самұрық-Қазына» Футбол Лигасы Астана қаласының Футбол одағымен және «Самұрық-Қазына» АҚ-мен осымен үшінші жыл қатарынан ортақ ұйымдастырылып келеді.

Дәстүрлі додаға жыл сайын 300-ден астам әуесқой спортшы қатысса керек. Аталмыш іс-шараның мақсаты — салауатты өмір салтын насихаттау, Қор компаниялары тобының еңбеккерлері арасындағы корпоративтік рухты нығайту, еңбеккерлердің бос уақытын ұйымдастыру, әлеуметтік-еңбек қарым-қатынастарын жақсарту және ұжымды біріктіру.