#

# Жаңалықтар

«КЕДЕНТРАНССЕРВИС» АҚ ЛОГИСТИКАЛЫҚ ТЕРМИНАЛДАРДЫҢ ІРІ ОПЕРАТОРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ САУЫҚТЫРУ ЖОБАЛАРЫНА БЕЛСЕНДІ ҚАТЫСУДА

12.11.2020

«Кедентранссервис» АҚ логистикалық терминалдардың ірі операторының қызметкерлері әлеуметтік және сауықтыру жобаларына белсенді қатысуда.

«Кедентранссервис» АҚ логистикалық терминалдардың ірі операторының қызметкерлері әлеуметтік және сауықтыру жобаларына белсенді қатысуда.
# «Компанияның игі істері»
«Кедентранссервис» АҚ «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның «БЛАГО» корпоративтік құндылықтарымен толықтай келіседі.

Б – безопасность (қауіпсіздік)
Л – лидерство (көшбасшылық)
А – амбиции (менмендік)
Г – гордость (мақтаныш)
О – ответственность (жауапкершілік)

«Кедентранссервис» АҚ логистикалық терминалдардың ірі операторының қызметкерлері әлеуметтік және сауықтыру жобаларына белсенді қатысуда:
— еріктілер қозғалысы — «28 петель» клубы;
— волейбол, теннис, футбол, шахмат бойынша спартакиадалар.

Қызметкерлердің «28 петель» Клубы еріктілер қозғалысына қатысуы туралы. Бұл еріктілер қозғалысы 2012 жылы құрылған. Клуб қатысушылары жылы жүн киімдерін тоқып, оны неонатология бөлімшелеріне тегін береді. Мерзімінен бұрын туылған, дене салмағы өте төмен нәрестелер өмірдің алғашқы секундтарынан бастап жылуды сақтауды қажет етеді. Жүн, құрамына байланысты, нәрестелерді тек жылытып қана қоймай, сонымен қатар баланың терісіндегі жүйке ұштарына әсер етіп, қан айналымын ынталандырып, асығымпаздарға  күш жинап, денсаулықтарын нығайтуға көмектеседі. Сондықтан, медициналық көмек пен кувездегі оңтайлы температураны сақтаудан басқа, шала туылған балаларға жүннен жасалған кішкентай киімдер – шұлықтар, қалпақшалар, көкірекшелер және көрпелер қажет.

Жыл сайын 17 қарашада бүкіл әлемде Халықаралық шала туған балалар күні (World Prematurity Day) атап өтілетінін айта өту керек. Халықаралық күн 2009 жылы EFCNI Жаңа туылған нәрестелерді күту жөніндегі еуропалық қорымен құрылды.

«28 петель» Клубы — бұл ерекше жоба, өйткені 100% жүннен тоқылған кішкентай киімдер дүкендерде сатылмайды. Шала туылған нәрестелерге көмектесуге ниет білдіргендерге тоқуды білудің қажеті жоқ. Сіз кішкентай «асығымпаздардың» өмірін сақтайтын киімдер жиынтығы тоқылатын ирімжіп бере аласыз. 2017 жылы «28 петель» клубы «Алтын жүрек» жалпыұлттық сыйлығының «Денсаулықты сақтауға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша лауреат атанды.

Бүгінде Клуб әлемнің 11 елінде жұмыс істейді және 2500-ден астам қатысушысы бар. Елордалық клуб жұмысына «Кедентранссервис» АҚ қызметкерлері де белсенді қатысып отырғаны қуантады.

Ерікті болу – жүректің ісі, яғни шынайы ниеттің көрінісі.
Жақсылық жасай отырып, біз өзімізді жақсартамыз.