«Кедентранссервис» АҚ компаниясы қытайлық жүк жөнелтушілермен бірлесіп 28 маусымда Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық округінің әкімшілік орталығы Үрімші қаласынан Белоруссияның астанасы Минскіге контейнерлік пойыз жөнелтті. Пойыз құрамында жергілікті меламин тиелген 41 контейнер бар. Қазіргі уақытта «Кедентранссервис» компаниясы осы контейнерлерді Беларуссиядан келген тауарлармен: ағаш материалдарымен, целлюлозамен, астықпен, соямен, мұздатылған тауық етімен және Үрімші қаласындағы басқа да азық-түлікпен кері тиеу жөнінде келіссөздер жүргізуде. Алдағы уақытта құрам бағыт бойынша айына екі рет аттанатын болады.
Жаңалықтар

«Кедентранссервис» АҚ компаниясы қытайлық жүк жөнелтушілермен бірлесіп 28 маусымда Үрімжіден контейнерлік пойыз жөнелтті
16.07.2019