#

# Жаңалықтар

«Кедентранссервис» АҚ ірі тоннажды техника паркін жаңартты

25.03.2022

«Кедентранссервис» АҚ көлік-логистикалық компаниясы өзінің ірі тоннажды техника паркін контейнерлік тиегішпен толықтырды (әрі қарай — ричстакер, Konecranes SMV4644TCX5 моделі).
Ричстакер кемінде 46 000 кг жүкті көтереді. 20-40 футтық контейнерлерге арналған ELME 817 ричстакер спредері ерекше назар аударуға тұрарлық. Спредер контейнерді бұрыштық фитингтерде бекітілген айналмалы құлыптар арқылы алуға арналған. Konecranes SMV4644TCX5 контейнер тиегіштерінің спредерінде айналмалы бөлік бар, сондықтан жүктемені 300 градусқа бұруға болады, бұл қолданыста өте маңызды көрсеткіш болып саналады.
Konecranes контейнерлік тиегіштері Қоғамның иелігіндегі барлық ричстакерлердің 80% құрайды. «Кедентранссервис» АҚ ірі тоннажды техника паркінде 10 (он) ричстакер бар.
Қоғамның ірі тоннажды техника паркін жаңарту Достық ст. терминалында пайдалану шығындарын айтарлықтай төмендетуге және нарықта Қоғамның бәсекеге қабілеттілігін сақтау мен арттыру мүмкіндігін береді. Компанияда жүктерді өңдеу 11 филиалда (15 жүк терминалы) жүзеге асырылады.
Сонымен қатар, «Кедентранссервис» АҚ контейнерлік жүк тиегіш операторы жұмысының қауіпсіздігіне ерекше назар аударады, сондықтан Қоғамның еңбек қауіпсіздігі жөніндегі мамандары олар үшін үнемі нұсқаулар беріп, жұмыс орындарын тексеріп отырады.
Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша тиімді кешенді жұмыстың нәтижесі ретінде 2021 жылы «Кедентранссервис» АҚ өндірістік жарақатсыз жұмыс істегенін атап өтуге болады.