Жаңалықтар
«Кедентранссервис» АҚ филиалдарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының нормаларын түсіндіру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде
Ағымдағы жылдың 21 шілдесінде «Кедентранссервис» АҚ Атырау облыстық филиалында – «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға арналған дөңгелек үстелге филиал қызметкерлері мен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) алдын алу басқармасының басшысы Ж.Б.Қаражанов қатысты.
Жиын басында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Атырау облысы бойынша департаментінің алдын алу басқармасының басшысы Ж.Қаражанов сөз сөйлеп, 2022-2026 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының іс-қимылдың негізгі ережелері мен талаптарын түсіндірді. Сондай-ақ, ол квазимемлекеттік сектор субъектілеріндегі комплаенс-қызметтердің қызметі туралы егжей-тегжейлі айтып, дөңгелек үстелге қатысушыларды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Атырау облысы бойынша есепті кезеңде тіркелген сыбайлас жемқорлық фактілерінің статистикасымен таныстырды.
«Кедентранссервис» АҚ Атырау облыстық филиалында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлықты нөлдік деңгейге төмендету – дөңгелек үстелдің негізгі мақсаты.
«Филиалда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның нормаларын түсіндіру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Қоғамда, соның ішінде біздің филиалда қажет болған жағдайда өтініш бере алатын қызметкерлер мен үшінші тұлғалар үшін құпия ақпараттың бірыңғай арналары бар. Айта кету керек, фронт-офистің барлық аудандарында бірыңғай жедел желі байланысы бар, – дейді «Кедентранссервис» АҚ Атырау облыстық филиалының директоры Жолмырза Рсалиев.