#

# Жаңалықтар

«Кедентранссервис» АҚ филиалдарында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы заңның ережелерін түсіндіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде.

17.06.2022

Ағымдағы жылдың 14 маусымында «Кедентранссервис» АҚ — «Орал жүк учаскесі» филиалында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы түсіндіру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараға қатысты дөңгелек үстелге филиал қызметкерлері мен Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы департаментінің бас маманы Динара Жұмабаева қатысты

Дөңгелек үстел сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, сондай-ақ қызметте парасаттылық пен адалдық сияқты құндылықтарды дарыту жөніндегі міндеттерді шешу үшін өткізілді.

«Филиалда «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы заңның ережелерін түсіндіру бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. Заңның «Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары туралы хабарлау» 24 бабын іске асыру мақсатында «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да құпия ақпарат беру арналары, соның ішінде келіп түскен өтініштерді өңдеу бойынша бірыңғай «жедел желі» жұмыс істейді, онда қызметкерлер мен үшінші тұлғалар филиал қызметінің аспектілері бойынша өз алаңдаушылықтарын білдіре алады. Бірыңғай «жедел желінің» байланыс нөмірлері фронт-офис аймағында орналасқан», — деді «Кедентранссервис» АҚ — «Орал жүк учаскесі» филиалының директоры Илес Есенғалиев.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын Батыс Қазақстан облысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жүзеге асыруда. Жобалардың төрт тобын жүзеге асыру жоспары бекітілді — бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, оларды жою, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту, сондай-ақ квазимемлекеттік секторда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу. Квазимемлекеттік секторда комплаенс-қызметтердің рөлі өте маңызды», — деп атап өтті Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің бас маманы Динара Жұмабаева.

Дөңгелек үстел соңында іс-шараға қатысушылар үшін қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және парасаттылықты қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік бейнеролик көрсетілді.