Жаңалықтар
«Кедентранссервис» АҚ-ғы еңбек қауіпсіздігі туралы
«Кедентранссервис» АҚ еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды қамтамасыз ету саласындағы жұмысы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің, сондай-ақ осы саладағы басқа да нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарына қатаң сәйкестікте жүргізіледі. «Кедентранссервис» АҚ басты мүддесі — қоғам қызметкерлерінің қауіпсіздігі мен денсаулығы және әрбір қызметкердің амандығы болып табылады.
Қоғам Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы саясаттың негізгі басымдықтары ретінде мыналарды айқындайды:
- -өндірістік қызмет нәтижелеріне қатысты қызметкердің өмірі мен денсаулығына басымдық беру;
- -қызметкерлердің жарақаттануы мен денсаулығы нашарлауының алдын алу;
- -еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау менеджменті жүйесін үнемі жақсарту және оның нәтижелілігін арттыру;
- -ұжымдық және жеке қорғану құралдары мен жабдықтарының қазіргі заманғы түрлерін қолдану есебінен қауіпсіздік деңгейін тұрақты түрде арттыру.
2021 жылы өндірістік жарақатсыз 2 миллион 326 мың 669 сағат жұмыс істелді. Сондай-ақ өндірістік қызметпен байланысты ауыру жағдайларына жол берілген жоқ.
2021 жылдың 12 айында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша 575 нұсқама, өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша 282 техникалық сабақ өткізілді.
Тұрақты негізде бас директордың, бас инженердің, қоғамның басшылары мен мамандарының қатысуымен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, экология мәселелері бойынша кеңестер, жалпы алғанда осы тақырыпқа қатысты барлығы 38 жиын өткізілді.
Өндірістік жарақаттануды болдырмау мақсатында қоғамның еңбек қауіпсіздігі жөніндегі қызметтері мен мамандары еңбекті қорғаудың, қауіпсіздік техникасының және құрылымдық бөлімшелердегі энергия жабдықтарының жай-күйіне, бригадалардың жұмыс орындарына үнемі кешенді тексерулер жүргізіп отырады.
Өндірістік қауіпсіздік процестерін цифрландыру белсенді іске асырылуда, KTZ HSE мобильді қосымшасында 8 модуль жүзеге асырылды және «Кедентранссервис» АҚ әрбір қызметкері жүйеге тіркелді. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның жобасы «Өндірістік қауіпсіздік» интеграцияланған жүйесі Қоғамға кеңінен енгізілуде. Әрбір қызметкер нөлдік жарақаттануды қамтамасыз етудің маңыздылығын түсінеді.