Жаңалықтар
«Кедентранссервис» АҚ Дарбаза – Достық (эксп.) – Тяньцзинь бағытында контейнерлік пойызды іске қосты
2021 жылы желтоқсан айының соңында «Кедентранссервис» АҚ серіктестерімен бірлесіп шекарадағы Алашанькоу-Достық (эксп.) станциясы арқылы Дарбаза — Тяньцзинь (Қытайдың солтүстік шығысындағы портты қала) маршрутында контейнерлік пойызды еске қосты. Поезд мақтамен тиелген 40-футты жалпы саны 50 контейнерден тұрады.
Пойыз «Кедентранссервис» АҚ-ның жылжымалы құрамынан жасақталған.
Дарбаза станциясынан алғашқы пойыз 3 қаңтар күні Достық (эксп.) станциясына келді, онда 1435 мм жол стандарты платформаларына контейнерлер қайта жүктеліп тиелген жүк Достық (эксп.) – Тяньцзинь бағытына жөнелтілді. Маршрут бойынша бір бағыттағы жеткізу уақыты 9 тәулікті құрады.
Ағымдағы жылдың 25 қаңтарында Орталық Азия елдері мен Қытай арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдығына орай бейнебайланыс режимінде өткен «Орталық Азия – Қытай» саммитінде сөйлеген сөзінде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Қытайға экспортталатын тауар түрлерін 135-ке жеткізуге әзір екендігін, оның ішінде ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімдерінің ақшалай көлемі бір миллиард доллардан асатындығын айтты. Бұл сервис «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның жаңа экспорттық контейнерлік маршруттардағы аясын кең ашуға мүмкіндігін тигізеді.
Серіктестерімізді бірлесіп қызмет атқаруға шақырамыз.
Сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды wagon@kdts.kz электрондық поштасына жіберуге болады.
Байланыс орталығы телефондары:
+7 7172 94 26 26
+7 778 097 97 97