#

# Жаңалықтар

«Кедентранссервис» АҚ Алматы қ. Клиенттік сервис орталығын ашты

09.03.2017

2017 жылдың 2 наурызы күні Алматы қаласы, Северное кольцо, 57 мекен-жайы бойынша орналасқан 1 Терминал жанынан «Кедентранссервис» АҚ Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша Клиенттік сервис орталығының ашылу салтанаты өткізілді. Аталмыш іс-шараға Сатулар жөніндегі Вице-президент Ш.А.Төлеушин, Алматы қ. және Алматы обл. бойынша филиал директоры З.Ш.Досмағанбетов, сонымен қатар «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ Алматы филиалының және «KTZ express» АҚ филиалы – «KTZE — Южный» басшылығы белсене қатысты.

Клиенттік сервис орталығы (бұдан әрі — КСО) замануи жабдықтармен жабдықталған жайлы офисте орналасып, «бір терезе» қағидасы жөніндегі жұмысқа бағытталған.

Жаңа КСО ашылуы клиенттерге қызмет көрсету сапасының деңгейін арттыру және оларға қызмет көрсету мерзімдерін қысқарту мүмкіндігін бермек. Клиенттердің ыңғайлығы үшін Компаниямен көрсетілетін қызметтердің толық спектрін көрсету үшін қажетті болып табылатын кірме жолдары, УСҚ (уақытша сақтау қоймалары), контейнерлерді өңдеуге арналған техника (Kalmar), тиеуге арналған техника және т.б. қарастырылып отыр. Жалпы алғанда, КСО «шаттл-тасымалдар» жүйесінің жылдамдықты пойыздарымен шоғырландырылған жүктерді жөнелтуге/қабылдауға қатысты эксклюзивті көліктік-логистикалық сервисті көрсетеді.

Бұнымен қатар, «Кедентранссервис» АҚ басшылығы мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қызметтерді көрсету үшін қажетті жағдайларды құру мәселесін басты назарға алып отыр. КСО-да төлем жүргізудің бөлек жерлері бөлініп, сырғыма баспалдақтар орнатылған.