Жаңалықтар
«Кедентранссервис» АҚ 2015 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша көліктік қызметтер саласында сәтті компания болып мойындалды
Компания өкілдеріне диплом және медаль түріндегі награда Қазақстан Респукбликасы Ұлттық Экспедиторлар Қауымдастығының жыл сайынғы конференциясында табыс етілді. Аталмыш іс-шара көліктік-логистикалық қызметтер нарығының негізгі ойыншыларын жыл сайын жинайды. Осы жолғы конференция жұмысының күн тәртібіне отандық экспедиторлық бизнестің мәселелері, Қауымдастықтың 2015 жылғы жұмыс қорытындылары және 2016 жылға арналған жұмыс жоспарына ұсыныстар енгізу сияқты сұрақтар қойылды.
Өткен жылдың жұмыс қорытындыларын бағалай отырып, Қауымдастық ҚР Инвестициялар және даму министрлігі жанындағы Көлік комитетінің және «ҚТЖ» ҰК» АҚ-ның қолдауымен «2015ж. сәтті компаниясы» атты жыл сайынғы конкурсын өткізді. Өткізілуі жыл сайынғы дәстүрге айналған аталмыш конкурс көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыруға отандық экспедиторлық компанияларды ынталандыруды көздейді.
Аталмыш конкурстың нәтижелері бойынша, төмендегідей номинацияларда естелік медальдер мен дипломдар табыс етілді:
- «Экспедиторлық бизнес»
- «Көліктік қызметтер»
- «Экспедиторлық бизнесті дамыту»
«Көліктік қызметтер» номинациясындағы наградадан басқа «Кедентранссервис» АҚ-ның басшығына ҚР Инвестициялар және даму министрінің «Қазақстан Республикасын дамытуға және гүлдендіруге қосқан үлесі мен мінсіз еңбегі үшін» Құрмет грамотасы тапсырылды.