#

# Жаңалықтар

«Кедентранссервис» АҚ 2012 жылы басқарудағы парк көлемін үш есеге – 1 мың бірлікке дейін арттыруды жоспарлап отыр

15.03.2012

Қазақстандағы ең ірі теміржол терминалдары желісіне (17 жүк ауласы) ие «Кедентранссервис» АҚ 2012 жылы басқарудағы парк көлемін үш еседен астам — 1 мың бірлікке дейін арттыруды жоспарлап отыр.

Компания жылжымалы құраммен операция жасау жөніндегі қызметті 2011 жылы жүзеге асыра бастады. Бүгінгі таңда «Кедентранссервис» АҚ басқаруында 325 вагон бар. Бұдан басқа, компанияның жеке локомотив паркі (30 бірліктен астам) және автокөлік құралдары бар.

«Кедентранссервис» АҚ нысаналы бизнес-моделі — бұл Қазақстан мен Орталық Азияның әмбебап кешенді-логистикалық компаниясы. Бұл модель көлемді емес ауыр салмақты жүктерді қоса алғанда, контейнерлік, үйілме, бас жүктер сегменттерінде логистикалық қызметтердің барлық спектрін көрсетуді болжайды. Компания бизнесінің өзегін Қазақстан мен Орталық Азия аумағында экспедициялау және кешенді логистика, сондай-ақ осы аумақта жылжымалы құраммен операция жасау қызметтері құрайтын болады.

2012 жылғы наурызда «Кедентранссервис» компаниясы Қытайдан Қазақстанға қосымша жүк көлемін тарту үшін ҚХР-да өкілдігін ашады. Сондай-ақ, Орталық Азия аумағында клиенттердің қызметін үйлестіру және тарту мақсатында Өзбекстанда өкілдікті ашу жоспарлануда.