Жаңалықтар
KEDENTRANSSERVICE ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫ ДАМЫТУДА
30.03.2023
Ағымдағы жылдың 28 наурызында «Кедентранссервис» АҚ және SHANGHAI ACE INVESTMENT & DEVELOPMENT Co Ltd өкілдері арасында жұмыс кездесуі өтті.
Кездесу барысында терминалдық қуаттарды құрудағы екіжақты ынтымақтастықтың келешегі талқыланды. Тараптар осы бағыт бойынша Қытай мен Қазақстаннан келетін транзиттік және экспорттық жүктер үшін одан әрі Бандар-Аббас портының терминалдары арқылы шығатын интеграцияланған логистикалық өнімдерді ұйымдастыру мүмкіндігін қарастыруға қызығушылық білдірді.
Тараптар ақпарат алмасуға және өзара тиімді ынтымақтастық мәселелерін талқылауды жалғастыруға келісті.