#

# Жаңалықтар

«КЕДЕНТРАНССЕРВИС»АҚ КЛИЕНТТЕРІ МЕН СЕРІКТЕСТЕРІ!

25.09.2020

Достар!
«Кедентранссервис»АҚ клиенттері мен серіктестері!

Сіздермен жақсы жаңалықпен бөлісуге асығамыз! Randstad Employer Brand Research 2020 зерттеу нәтижелеріне сәйкес, «Кедентранссервис» АҚ көлік және логистика секторындағы ең тартымды жұмыс берушінің номинанттары тізіміне енді..

Тәуелсіз зерттеулер саласындағы әлемдік көшбасшы Kantar TNS ANCOR Ranstad тапсырысы бойынша кең аудиторияның қабылдауына негізделген жұмыс берушінің брендтік зерттеуін жүргізді. 3500 респондентке онлайн-сұхбат ағымдағы жылдың қаңтар-ақпан айларында жүргізілді.

Осылайша, зерттеу нәтижелері «Кедентранссервис» АҚ-ның тартымдылығы мынадай түйінді өлшемшарттар бойынша бағаланғанын көрсетеді:

— заманауи технологияларды енгізу-5 баллдан 3,7 балл

— жағымды жұмыс атмосферасы-3,6 б.

— жұмыспен қамту кепілдігі-3,8 б.

— жақсы бедел — 3,8 б.

— әлеуметтік жауапкершілік-3,8 б.

— қаржылық тұрақтылық — 4,0 б.

— мансаптық өсу мүмкіндігі-3,6 б.

Құрметті «Кедентранссервис» АҚ клиенттері мен серіктестері!

Қоғам алдағы уақытта да сіздермен жүк тиеу-түсіру жұмыстарын, көлік-экспедиторлық қызметтерді және жылжымалы құраммен операция жасау бойынша сервисті көрсету бойынша ұзақ мерзімді және өнімді серіктестік қатынастарды құруға бар күш-жігерін салады.

Қызмет көрсетудегі клиентке бағдарлану – «Кедентранссервис» АҚ-ның бас векторы.