Жаңалықтар
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Transport Logistic China 2024» халықаралық көрмесіне қатысты
2024 жылғы 25-27 маусым аралығында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ компаниялар тобының делегациясы Шанхай қаласында (ҚХР) өткен «Transport Logistic China 2024» халықаралық көліктік-логистикалық көрмесіне қатысты. Transport Logistic China 1978 жылдан бері өткізіліп келе жатқан көлік, логистика, ақпараттық технологиялар және жеткізу тізбегін басқару саласындағы жетекші әлемдік көрме.
Биыл «Transport Logistic China» көрмесі өз алаңында әлемнің түкпір-түкпірінен 600 астам көрме қатысушыларын орналастырды. Германия, Италия, Чехия, Сингапур, Сауд Арабиясы және басқа елдердің ұлттық павильондары ұсынылған.
Көрмеге қатысушылар мен келушілер «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ стендіне ерекше қызығушылық танытты. Бас директордың логистика жөніндегі орынбасары Эльнар Джуматаев бастаған «Кедентранссервис» АҚ өкілдері көліктік-логистикалық компаниялармен бірқатар кездесулер өткізіп, Қазақстан аумағы арқылы өтетін маршруттардың артықшылықтары, ұсынылатын сервистер туралы хабардар етті және өзекті болып табылатын Қытайдан Қазақстан арқылы жүк ағынын ұлғайту жөніндегі мүмкіндіктерді және контейнерлік тасымалдарды одан әрі дамыту перспективаларын талқылады.
Іс-шара барысында қатысушылар Қытай — Еуропа бағытында қызметтерді ілгерілету және жақсарту мүмкіндіктері туралы пікір алмасты және сындарлы диалог жүргізді.
Мәлімет көзі: https://railways.kz/ru/news/ao-nk-tzh-prinyalo-uchastie-v-transport-logistic-china-2024/