Жаңалықтар
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «Кедентранссервис» АҚ қызметкерлерін марапаттау рәсімі
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында «Кедентранссервис» АҚ-ның бірқатар қызметкерлері компанияның және жалпы тұтас елдің көлік саласын дамытуға қосқан үлесі мен қажырлы еңбегі үшін құрмет грамоталарымен, алғыс хаттармен марапатталды.
Компанияның барлық филиалдары мен орталық аппаратта көрсетілген құттықтау сөзінен кейін, бас директор Арман Сұлтанов Достық станциясы бойынша филиалдың бас экономист маманы — Шакербаева Майра Тайстарқызына салтанатты түрде ең жоғары салалық марапат – «Құрметті теміржолшы» төсбелгісін табыс етті.
«Тәуелсіздік күні еліміздің басты мемлекеттік мерекесі болып табылады. Егемендік жылдары республикада экономиканың барлық салаларында айтарлықтай табысты өзгерістер мен реформалар өткізілді.
Құрметті әріптестер, сіздерді еліміздің Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын, әрбір үй мен әрбір отбасына денсаулық пен амандық, молшылық, тыныштық пен бейбітшілік тілеймін», — деп Бас директор Арман Сұлтанов құттықтау сөзінде атап өтті.