#

# Жаңалықтар

АЛМАТЫДА ЖАҢА ЛОГИСТИКАЛЫҚ ТЕРМИНАЛ САЛЫНАДЫ

27.10.2023

2023 жылғы 27 қазанда Алматы қаласында логистикалық терминал салу және көлік-логистикалық қызметтер мен электрондық коммерцияның заманауи платформасын құру жөніндегі жобаны іске асыру басталды.

Жобаны ҚТЖ Сиань қаласының құрғақ портымен бірлесіп жүзеге асыруда. Жаңа терминал «ҚТЖ «ҰК» АҚ — «Кедентранссервис» АҚ еншілес ұйымының жүк терминалы негізінде құрылады.

Жаңа бірлескен жобаны іске қосу рәсіміне «Қазақстан темір жолы «ҰК» АҚ басшылығы, Сиань қ. ҚКП парткомы және Сиань қ. Құрғақ порты қатысты.

Алматы негізгі халықаралық маршруттардың қиылысында бола отырып, маңызды көліктік-логистикалық торап болып табылады.

Жобаны іске асыру жүк терминалы инфрақұрылымының мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған, бұл болашақта уақытша сақтау қоймаларында жүктердің едәуір көлемін сақтауға және өңдеуге, тауарларды уақтылы жеткізуге тікелей әсер ететін жүктерді өңдеу уақытын ұлғайтуға, сондай-ақ нарықтың, әсіресе электрондық коммерция нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

Терминалдық және қойма мүмкіндіктерін дамыту Алматы қаласы мен Алматы облысының жүк алушылары үшін импорттық хаб режимінде ҚХР-ның барлық өңірлерінен жүктерді табысты шоғырландыруға мүмкіндік береді.

Ауданы 10 гектар терминал аумағында температуралық режимді реттеу технологиясын қолдана отырып (1400 м2) заманауи қоймалар, контейнерлік-дана және электрондық коммерция жүктерін (36 000 м2) сақтауға арналған «А» класты қоймалар салу жоспарлануда. Қытай тарапы роботты сақтау мүмкіндіктерін пайдалануды ұсынды.

Жобада сондай-ақ жүк көтергіштігі 50 тонна электр кранын орнатумен контейнерлік алаң (12 000 м2) көзделген.

Жобаны іске асыру елдің транзиттік-көліктік әлеуетін кеңейтуге және Қазақстан мен Қытайдың сауда-экономикалық қатынастарын нығайтуға қосымша серпін береді.

«Қазақстан темір жолы «ҰК»АҚ баспасөз қызметі