Жаңалықтар
Алматы қаласындағы «Кедентранссервис» АҚ филиалында клиенттерге «Клиенттің жеке кабинетінің» функционалы таныстырылды.
Бүгін Алматы қаласында филиал директоры Есмұратова Замираның клиенттермен кездесу барысында мөлшерлемелерді есептеу және коммерциялық ұсыныстарды алу үдерістерін цифрландыру, сондай-ақ автокөліктің Алматы-1 терминалына сапарын жоспарлау бөлігіндегі «Жеке кабинет» модулінің тұсаукесері өтті.
Бейне-конференц байланыс (zoom) құралы арқылы «Кедентранссервис» АҚ бизнесті трансформациялау секторының басшысы Дархан Әйкенов қатысушыларды жоғарыда көрсетілген мүмкіндіктермен және клиенттер үшін қолайлы жағдайлармен таныстырды.
Сонымен қатар, филиалдың негізгі клиенттерімен кездесу барысында тәуекелдерді бағалау жүргізілді және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары талқыланды. Қатысушылар ГТС-1 терминалында сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол бермеу мақсатында серіктестік және ақпарат алмасу туралы ұсынысты қолдады.
Қазіргі уақытта терминалды басқару процестерін цифрландыру бойынша жұмыс жүргізілуде, бұл терминалдық қызметтің тиімділігін арттыруға және клиенттерге қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Процестердің ашықтығын қамтамасыз ету және адами факторды алып тастау сыбайлас жемқорлықтың орын алмауын қамтамасыз етеді.