#

# Жаңалықтар

Алматы қаласында «Кедентранссервис» АҚ терминалдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бойынша шаралар» дөңгелек үстелі өтті

01.07.2021

Алматы қаласындағы Филиалдың территориясында «Кедентранссервис» АҚ терминалдарында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау бойынша шаралар» дөңгелек үстелі ұйымдастырылды.
Осы іс-шараға Алматы қ. Сыбайлас жемқорлық қызметінің ақпараттық штабының жетекшісі мен компанияның сыртқы байланыс бойынша тобының жетекшісі қатысты, сонымен қатар клиенттер, көлік компанияларының басшылары мен жүргізушілер шақырылды.
Дөңгелек үстел барысында, көліктердің келуін тіркейтін, уақытты алдын ала бөліп жоспарлау (тайм-слот), электрондық кезек секілді клиенттермен On-line өзара қарым қатынас қызметтерінен тұратын терминалды автоматтандыру жобасы ұсынылды. Осы аталған қызметтер сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмауға мүмкіндік береді.
Серіктестер және клиенттермен тұрақты байланыста болуды қамтамасыз ету мақсатында, сонымен қатар қандай да болсын сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін алдын ала ескерту үшін осындай іс-шаралар компанияның барлық филиалдарында ай сайын өткізілетін болады.