Жаңалықтар

Ағымдағы жылдың 2-4 қарашасында «Кедентранссервис» АҚ өкілдері «Translogistica Uzbekistan 2022» халықаралық көрмесіне қатысты.
07.11.2022
Ағымдағы жылдың 2-4 қарашасында «Кедентранссервис» АҚ өкілдері «Translogistica Uzbekistan 2022» халықаралық көрмесіне қатысты.
Көрме Қазақстан, Латвия, Эстония, Ресей, Қырғызстан, Әзірбайжан және т.б. жетекші көлік-логистикалық компанияларын кәсіби алаңға жинады.
«Кедентранссервис» АҚ логистика блогының қызметкерлері Амина Махамбетова мен Сейітжанов Нұржан басқа елдерден келген әріптестерімен кездесіп, көлік-логистика саласындағы соңғы трендтермен танысты.
«Translogistica Uzbekistan 2022» халықаралық көрмесі кәсіби байланыстар орнатудың және контейнерлік тасымалдағы ынтымақтастық үшін жаңа серіктестерді табудың тікелей жолы болып табылады.