Жаңалықтар
2024 жылғы 22-23 қазанда Астана қаласында «Кедентранссервис» АҚ басшылығының «ФинИнвест» МК және «LO Qazaqstan» ЖШС өкілдерімен кездесуі өтті
2024 жылғы 22-23 қазанда Астана қаласында «Кедентранссервис» АҚ басшылығының «ФинИнвест» МК және «LO Qazaqstan»ЖШС өкілдерімен кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының темір жолдары желісіндегі контейнерлік тасымалдарды және ілеспе көліктік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту бөлігінде ынтымақтастық мәселелерін талқылады.
Сапар барысында «ФинИнвест» МК және «LO Qazaqstan» ЖШС өкілдері «Кедентранссервис» АҚ — ның Астана қаласы мен Ақмола облысы бойынша филиалының терминалына барды. Серіктестер терминалдың теміржол инфрақұрылымымен танысты.
Екі күндік кездесудің қорытындысы бойынша Тараптар Қытай Халық Республикасы – Қазақстан Республикасы – Ресей Федерациясы бағытында теміржол көлігімен тасымалданатын жүктерді терминалдық өңдеуді, бөлуді ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының аумағында контейнерлік терминал салу бойынша өзара тиімді ынтымақтастық мәселелерін талқылауды жалғастыруға және ақпарат алмасуды жүзеге асыруға уағдаласты.