#

# Жаңалықтар

2020 жылдың 20 қарашасында «Кедентранссервис «АҚ» KTZExpress » АҚ-мен бірлесіп онлайн-конференция өткізді

20.11.2020

2020 жылдың 20 қарашасында «Кедентранссервис» АҚ «KTZExpress» АҚ-мен бірлесіп астық нарығының барлық мүдделі қатысушылары үшін «Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды тасымалдау туралы» тақырыбында онлайн-конференция өткізді. Іс-шараға 40-тан астам қатысушы қатысты. Спикерлер ретінде «Кедентранссервис» АҚ Бас директоры Виктор Федотов және «KTZ Express» АҚ Бас директоры Дмитрий Абдуллаев сөз сөйледі.

Қазақстанда соңғы бірнеше жылда астық түсімі жылына шамамен 20 млн.тоннаны құрайтыны белгілі. Маусымдық жоғары сұраныс кезеңінде астық өнімдерін өткізу нарығына дейін тасымалдауға «Кедентранссервис» АҚ және «KTZ Express» АҚ сияқты көлік-логистика саласының жетекші операторлары көмекке келеді.

Қазіргі жүк тасымалы нарығында контейнерлеу үрдісі байқалады. Контейнерлеудің артықшылығы жүктің жоғары деңгейде сақталуы тұрғысынан сенімділігі, ыңғайлылығы, уақтылы шығарылуы және жеткізілуі болып табылады. Мәселен, 2020 жылдың 10 айында теміржол көлігінде астық жүктерін тасымалдау нарығы 5,3 млн.тоннаны құрайды. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды контейнерлермен тасымалдау көлемі 0,016 млн.тоннаны құрады, ал олардың контейнерлермен тасымалдау үлесі 0,3% — ды құрайды.

Әрине, астық өнімдерін тасымалдау схемасы Қазақстанның астық өңірлерінен (Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облысы) басталады, осы жерден аталған өнім «Кедентранссервис» АҚ ұсынылған жылжымалы құрамына, оның ішінде Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия және Орта Азия бағытындағы контейнерлерге тиеледі.

«Кедентранссервис» АҚ Бас директоры Виктор Федотовтың айтуынша, компания бірінші — Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия және Орта Азия бағыттары бойынша астық өнімдерін тасымалдау сервисін ұсынуға дайын. Атап айтқанда, ағымдағы жылы «Кедентранссервис» АҚ екі бағытты дамытуда: Достық станциясы және Алтынкөл станциясы арқылы құрлықтағы бағыттар бойымен ҚХР — ға; екінші — Орта Азия бағытында, оның ішінде Өзбекстанға.

Сервистің тарифтік құрамына төмендегілер кіретінін атап өткен жөн: — Қазақстан, Қытай аумағы бойынша теміржол тарифі;

— Қазақстан аумағы бойынша платформалар мен контейнерлер ұсыну қызметтері; — жөнелтуді ұйымдастыру бойынша қосымша алымдар, Алашанькоу/ Қорғас станциясы бойынша алымдар.

«Кедентранссервис» АҚ Қытай бағытында ауыл шаруашылығы өнімдерін тасымалдауды белсенді түрде жүзеге асыруда, ағымдағы жылдың қазан айынан бастап Қостанай қаласынан Алашанькоу бағытында Достық станциясына дейін ұн тиелген пойыздар бар болғаны 3 тәулік ішінде жетті», — деді «Кедентранссервис» АҚ Бас директоры Виктор Федотов.

Транскаспий халықаралық көлік бағыты туралы айтатын болсақ, «KTZ Express» АҚ Бас директоры Дмитрий Абдуллаев: «KTZ Express Халықаралық Транскаспий консорциумының үйлестірушісі болып табылады және Біз бағытта қолайлы транзиттік жағдайлар жасауға барынша мүдделіміз. Соңғы жылдары атқарылған жұмыс Транскаспий бағдарының коммерциялық артықшылығын тудырды. Бүгін біз клиентке ТХКБ бойынша, шығыс Қытайдан Түркияға дейін, ұйымдасқан контейнерлік пойыздарда 14-15 күн ішінде, қауіпсіздік пен жылдамдық параметрлерін сақтай отырып, бәсекеге қабілетті бағамен тасымалдауды ұсына аламыз.»

Үздіксіз өзгеріп отыратын нарықтық орта жағдайында және COVID-2019 пандемиясы жағдайында «Кедентранссервис» АҚ да, «KTZExpress» АҚ да клиенттердің талаптарын болжау үшін сервистерді тезірек жетілдіруге дайын екендіктерін білдіргені онлайн-конференцияның басты арқауы болып табылады. Спикерлердің сөйлеген сөздері мен түсініктемелерінде екі компания да астық және дәнді-бұршақты өнімдерді тасымалдау бойынша бәсекеге қабілетті кешенді сервисті ұсыну үшін барлық күш-жігерін жұмсайтынына назар аударылды.