#
КОМПАНИЯ ТУРАЛЫ

«Кедентранссервис» АҚ-ның қалыптасу және даму тарихы

2021

2020

«Кедентранссервис» АҚ-ның жалғыз акционері «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ болды

2019

«Кедентранссервис» АҚ акциялар пакетінің 50% -ын ҚТЖ» ҰҚ» АҚ сатып алды

2018

Сиань қаласынан (ҚХР) Қазақстан арқылы транзитпен Будапешт қаласына контейнерлік пойыз жөнелтілді.

2017

«Кедентранссервис» АҚ күшімен «Қытай-ТМД-ҚХР» жаңа контейнерлік маршруты іске қосылды

2016

«Logistic System Management» компаниясы «Кедентранссервис» АҚ-ның жалғыз акционері болды

2015

«Қытай-Еуропа-ҚХР» бағдарының жалпы жылдық көлемі 577 контейнерлік пойызды немесе 49 мың ЖФЗ құрады

2014

Қытай-Еуропа контейнерлік пойыздарының тұрақты қозғалысы ұйымдастырылды

2013

ТрансКонтейнер ЖАҚ-на акциялар пакетінің 50% тиесілі «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ акциялар пакетінің 50%-на ие

2011

Акциялар пакетінің 67%-ын «ТрансКонтейнер» ЖАҚ сатып алды ҚТЖ «ҰҚ» АҚ-на пакеттің 33% тиесілі

2007

«Кедентранссервис» АҚ акциялар пакетінің 33% «ҚТЖ» ҰҚ» АҚ-на тиесілі

2004

"Кедентранссервис" АҚ қайта тіркеу

2002

"Кедентранссервис" ЖАҚ акцияларының мемлекеттік пакеті "ҚТЖ" ҰҚ" ЖАҚ-на берілді

1999

"Кедентранссервис" ЖАҚ-на қайта құрылуы

1997

"Кедентранссервис" РМК құрылуы

#
#
Қалыптасу тарихы

«Кедентранссервис» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 11 желтоқсандағы №1750 қаулысына сәйкес тауарлар мен көлік құралдарын кедендік сүйемелдеуді жүзеге асыру үшін шаруашылық жүргізу құқығымен «Кедентранссервис» РМК құрылды. «Кедентранссервис» РМК-ны мемлекеттік басқару органы және оған қатысты мемлекеттік меншік субъектісі функциясын жүзеге асырушы орган ретінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кеден комитеті анықталды.

«Қазақстан темір жолы» РМК мүлкін «Кедентранссервис» РМК-ға беру туралы» Қазақстан Республикасы көлік, коммуникация және туризм министрлігінің 1999 жылғы 26 мамырдағы №2461 бұйрығына сәйкес «Кедентранссервис» РМК-ға 21 бірлік көлеміндегі жүк қоймалары берілді. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қайта құрылуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылығы 12 қазандағы №4114 Қаулысына сәйкес Кеден комитеті жаңа құрылған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің құрамына ауыстырылды.

«Кедентранссервис» Республикалық мемлекетік кәсіпорнын қайта құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 маусымдағы №864 қаулысына сәйкес «Кедентранссервис» РМК «Кедентранссервис» жабық акционерлік қоғамы болып қайта құрылды.

«Акционерлік қоғам туралы» 2003 жылғы 13 мамырдағы №415 Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын ескере отырып, «Кедентрансервис» ЖАҚ 2004 жылы 15 маусымда «Кедентрансервис» АҚ болып қайта тіркелді.

Даму тарихы

2011 жылы наурыз айында «Кедентранссервис» АҚ тарихында маңызды оқиға орын алды – «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ мен «ТрансКонтейнер» ЖАҚ арасындағы бірлескен кәісіпорын негізіндегі ынтымақтастық туралы 2011 жылғы 17 наурыздағы №80-АҚ келісімге (бұдан әріде — Келісім) сәйкес «Кедентранссервис» АҚ-ның 67% акциясының акционері ретінде «Трансконтейнер» ЖАҚ болды – Ресей темір жолының жетекші контейнерлік операторы, ал акцияның қалған 33%-ы «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның өзінде қалды. 2013 жылғы 23 желтоқсанда «ТрансКонтейнер» ЖАҚ мен «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компания» АҚ арасындағы Келісім аясында «Logistic System Management B.V.» компаниясының 17% акциясын сатып алу бойынша шаралар аяқталды.

28 қазан 2016 жылы «Кедентранссервис» АҚ-ның жалғыз акционері «Logistic System Management B.V.» компаниясы болды. «Logistic System Management B.V.» компаниясының акционерлерінің құрамы келесідей болды:

— «ТрансКонтейнер» ЖАҚ — 50%;

— «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ — 50%.

2017 жылы филиалдық желінің ұйымдастырушылық құрылымын қайта құру жүргізілді. Филиалдық желінің ұйымдастырушылық құрылымын қайта құрудың міндеті клиентке бағдарланушылықты жетілдіруге, сол арқылы клиенттерге көрсетілетін қызметті арттыруға, жекелеген функцияларды орталықтандыруға және тарифтік жеңілдіктер жүйесін қалыстастыруға бағытталған болатын.

«ҚТЖ» ҰК» АҚ 100% акциясын «Кедентранссервис» АҚ шоғырландыру туралы

2018 жылы, бұрын «ТрансКонтейнер» ЖАҚ-ға тиесілі «Logistic System Management B.V» компаниясының 50% акциясын сатып алу туралы келісімге қолжеткізілді.
2019 жылы 26 қарашада «Logistic System Management B.V» компаниясының жарғылық капиталының 50% сатып алу туралы «ТрансКонтейнер» ЖАҚ мен «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ арасында сатып алу-сату шарты жасалды.2020 жылғы 22 мамырда «Logistic System Management B.V» компаниясының акцияларын қайта тіркеу жүзеге асырылды, соның нәтижесінде «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ «Кедентрассервис» АҚ-ның жалғыз акционері болды.

Бүгінде «Кедентранссервис» АҚ, көлік-логистикалық қызметтер нарығында қызмет көрсететін, Қазақстан Республикасындағы логистикалық терминалдардың жетекші операторы болып табылады. Қоғам жүктерді терминалдық өңдеу саласындағы активтер мен құзыреттілікке ие, сондай-ақ ҚХР әкелінетін жүктерді «Достық» және «Алтынкөл» станцияларында тиеу бойынша қызметтерді жүзеге асырады.

«Кедентранссервис» АҚ тарамдалған географиялық желілерге, оның ішінде Үрімші қаласында (ҚХР), Ташкент қаласында (Өзбекстан), Минск қаласында (Беларусь Республикасы) 3 өкілдіке, 11 филиалдарға ие және «Қазақстан көлік холдингі» ЖШС 1 еншілес компаниясы бар.

#