Директорлар кеңесі
ҚОЙШЫБАЕВ
Ерлан Хамардинұлы
КӨШЕРОВ
Даир Адилбекұлы
СМОЛИНА
Александра Александровна
МҰХАМЕДРАХИМОВА
Әйгерім Шахтыбайқызы
ОРАЗБЕКОВ
Марат Жаңабергенұлы
АХАНЗАРИПОВ
Нұрлан Заманбекұлы
Білімі:
2002-2007 жж - Дубайдағы Америка университеті, «Қаржы және банк ісі» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесі
2015-2017 жж - Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы, «Логистика» мамандығы бойынша магистр
2016-2018 жж - Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы, іскерлік басқару магистрі
Кәсіби тәжірибе:
Еңбек жолын 2007 жылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің көмекшісі болып бастады.
2010 жылдан 2011 жылға дейін – «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС инвестициялық жобалар департаментінің директоры.
2011 жылдан 2013 жылға дейін – «Көлік логистикасын дамыту ұлттық орталығы» АҚ вице-президенті.
2013 жылдан 2015 жылға дейін - «Көлік қызметтері орталығы» АҚ президенті.
2015 жылдан 2018 жылға дейін - «KTZ Express» АҚ логистика жөніндегі вице-президенті.
2018 жылдан 2019 жылға дейін - «Қазақстандық индустриялық даму институты» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.
2019 жылдан 2021 жылдың сәуіріне дейін - Қостанай облысы әкімінің орынбасары.
2021 жылдан – 2023 жылға дейін - «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ логистика жөніндегі басқарушы директоры.
2023 жылдан қазіргі уақытқа дейін – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасының логистика жөніндегі орынбасары.
Білімі:
1998 ж- Индиана университеті, қаржы ғылымдарының бакалавры.
2001 ж. – Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "Халықаралық экономика" мамандығы бойынша тәмамдаған.
Кәсіби тәжірибе:
1998 жылдан 2000 жылға дейін - «Ақ-ниет» ПАБК бас бухгалтердің орынбасары, ішкі аудит департаментінің директоры.
2000 жылдан 2005 жылға дейін - «ABN AMRO Asset Management» ПАМК ЖАҚ бас бухгалтерінің орынбасары, тәуекел менеджері, бөлім бастығы, портфель менеджері, бас портфель менеджері.
2005 жылдан 2006 жылға дейін – «Интергаз Орталық Азия» АҚ Корпоративтік қаржы департаменті директорының орынбасары, директоры
2006 жылдан 2008 жылға дейін - «ҚазТрансГаз» АҚ корпоративтік қаржы департаментінің директоры
2008 жылдан 2012 жылға дейін - «ҚазТрансОйл» АҚ қаржы директоры, «ҚазТрансГаз» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры
2012-2018 жылдары - «ҚазТрансГаз» АҚ бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары.
2018 жылғы желтоқсаннан қазіргі уақытқа дейін – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қаржы жөніндегі басқарушы директоры
Білімі:
2008 ж. – Қазақ гуманитарлық-заң университеті, халықаралық құқық мамандығы.
2018 ж. – Қазақ-Британ техникалық университеті, «Халықаралық мұнай-газ корпорациясындағы стратегиялық менеджмент» МВА іскерлік әкімшілендіру магистрі
2018 ж. – И.М. Губкин атындағы Ресей мемлекеттік мұнай және газ университеті, жетекшілерге арналған Executive MBA «Мұнай-газ бизнесін басқару» мамандығы бойынша іскерлік әкімшілендіру магистрі.
Кәсіби тәжірибе:
2008 жылдан бастап 2019 жылдың наурыз айына дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ аға, жетекші заңгер, халықаралық шарттар департаментінің директоры және ірі мұнай-газ жобаларын құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры қызметтерін атқарды.
2019 жылғы сәуірден 2020 жылғы мамырға дейін – Атқарушы директор – Заң департаментінің директоры, «Жолаушылар тасымалы» АҚ Басқарма мүшесі.
2020 жылдың маусымынан 2022 жылдың сәуіріне дейін – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Халықаралық шарттар департаментінің директоры, Құқықтық қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары
2022 жылдың сәуірінен қазіргі уақытқа дейін – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Заң қызметінің басшысы – Құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры.
2024 жылғы 13 ақпаннан бастап «ҚТЖ» ҰК» АҚ Басқарма мүшесі.
Білімі:
М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, Д.А. Қонаев атындағы Гуманитарлық транспорт және құқық университеті.
Кәсіби тәжірибе:
Еңбек жолын 2005 жылы «ҚТЖ» ҰК» АҚ корпоративтік даму департаментінің маркетинг бөлімінің бас маманы болып бастады. Осы жылдар ішінде «ҚТЖ» ҰК» АҚ Маркетинг және логистика департаментінде бөлім бастығы және басшылық қызметтерін атқарды.
Қазіргі уақытта «ҚТЖ» ҰК» АҚ маркетинг және транзиттік саясат департаментінің директоры қызметін атқарады.
Білімі:
1986 жылы Алматы темір жол көлігі инженерлері институтын инженер-электрик мамандығы бойынша бітірген.
2000 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Мемлекеттік және муниципалдық басқару» мамандығы бойынша бітірген.
Кәсіби тәжірибе:
1986-1994 жылдары Арыс қаласының локомотив депосының бригадирі, аға бригадирі, бас инженері қызметтерін атқарды.
1994-1999 жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінде басшылық қызметтерде жұмыс істеді.
2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің теміржол көлігі және байланыс жолдары комитетінің төрағасы лауазымында жұмыс істеді, сондай-ақ Алматы қаласындағы «Ырысты АЭВРЗ» АҚ мен «Көлік сервисі орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды.
2008-2017 жылдары - «Самұрық-Қазына» холдингі» АҚ көліктік активтерді басқару жөніндегі директоры. Сонымен бірге ол «ҚТЖ» ҰК» АҚ, «Эйр Астана» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі, «Ақтөбе» және «Атырау» халықаралық әуе жолдары мен «Qazaq Air» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы қызметтерін атқарды.
2017 жылдан 2022 жылға дейін – LRT құрылыс дирекциясы бас директорының орынбасары.
Білімі:
Семей технологиялық университеті бухгалтер-экономист, есеп және аудит мамандығы бойынша
Қ.И.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті, геофизика мамандығы
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институты, МВА дәрежесі.
Сертификатталған тәуелсіз директор (Cert loD) Директорлар институты, Ұлыбритания
Кәсіби тәжірибе:
Мұнай-газ секторында 22 жылдан астам басшылық лауазымдарда жұмыс істеді, оның ішінде 12 жылдан астам Қазақстанның ұлттық мұнай-газ компанияларында: «Қазахойл – Коммерция» ЖШС, «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «ҚазТрансГаз» АҚ, «НК «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Газопровод Бейнеу-Шымкент» ЖШС. Сонымен қатар, Shell компаниясында Сұлтанат Оманында басшылық қызметте екі жылдық халықаралық жұмыс тәжірибесі бар.
«Альфа-Банк Қазақстан» АҚ, «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ, «Интергаз Орталық Азия» АҚ, «KEGOC» АҚ, «QazaqGaz» ҰК» АҚ компанияларында жұмыс тәжірибиесі бар.