#
#
Бүгінгі таңда біздің компания Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар одан тыс жерлерде де көлік-логистикалық қызметтер көрсететін толыққанды оператор болып табылады.

Біздің мақсат:

«Қазақстанның жүйе құраушы көлік компаниясы ретінде біз Ұлттық экономика мен қоғамның терминалдық инфрақұрылымды басқарудағы қажеттіліктерін қанағаттандырамыз».

Біздің көз-қарас:

Біз экономикалық тиімділік, қауіпсіздік, Әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаттарына негізделген терминалдық инфрақұрылым қызметтерін ұсынатын жетекші компаниямыз.

Стратегиялық мақсат – «Бизнес ауқымын ұлғайту және қызмет тиімділігін арттыру есебінен капиталдандыруды ұлғайту».

Біздің стратегиялық мақсат:

1) терминалдық инфрақұрылымды басқару тиімділігін арттыру;

2) транзиттік тасымалдарды дамытуға жәрдемдесу;

3) клиенттердің қанағаттануын арттыру;

4) цифрландыру;

5) ESG принциптерін енгізу;

6) өндірістік қызметтің қауіпсіздігіне кепілдік беру.




Сертификат
Сертификат
Сертификат

Біз қызметтерімізді ұдайы дамытуға және қызмет көрсету барысында сапа, экология, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жоғары стандарттарға сай болуға бағытталғанбыз.

2021 жылы сертификаттық аудит нәтижелері бойынша Компания басқару жүйелерінің (сапа менеджменті жүйесі (СМЖ), қоршаған ортаны қорғау менеджменті жүйесі (ҚҚМЖ), Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджмент жүйесі (ДСЕҚМЖ) халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестігін растады.

2024 жылы Компания Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі TÜV Rheinland эксклюзивті өкілі болып табылатын TÜV Rheinland Kazakhstan ЖШС өткізген кезекті бақылау аудитінен сәтті өтті. Аудит нәтижелері бойынша Компанияның интеграцияланған басқару жүйесінің ISO 9001:2015, ISO 14001:2015, ISO 45001:2018 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестігі расталды. Басқару жүйелерінің нәтижелілігін сыртқы аудиторлар жыл сайын міндетті түрде Компанияның орталық аппаратында және өндірістік алаңдарының бірінде іріктеп тексереді.

серіктестік қарым-қатынастар

50

Орта және Оңтүстік-Шығыс Азия, ҚХР мен Еуропаның көліктік-логистикалық және операторлық компаниялары

КОМПАНИЯ КЛИЕНТТЕРІ

150

көліктік-экспедиторлық компаниялар

Бүгінгі таңда «Кедентранссервис» АҚ Орта және Оңтүстік-Шығыс Азия, ҚХР және Еуропаның 50 көліктік-логистикалық және операторлық компанияларымен серіктестік қарым-қатынастарды орнатып отыр.

Бұған қоса, клиенттеріміздің қатарында 150-ден астам көліктік-экспедиторлық компания бар.

Біздің серіктестерімізбен қызметтестікте Еуропа мен Азия аралығындағы көпір бола отырып, біз көліктік құзыреттілік пен әмбебап логистиканы құрастырудың орталығы атануға ұмтыламыз.