#
Клиенттерге

Үлгілік шарттар

Құрметті клиенттер және серіктестер!

«Кедентранссервис» акционерлік қоғамының қызметтер көрсетуіне арналған Шарттарды жасау үшін Мәлімдеме-хатын ұсыну қажет болады:

Резиденттерге арналған өтініш хат

Хатта шарттың атауы, нақты заңды әрі пошта мекенжайы, анықтама телефондары мен факстердің нөмірлері, ұйым басшысы ұялы телефонының нөмірі, электрондық поштаның мекенжайы көрсетілуі тиіс.

Хатқа міндетті түрде қосарланады:

Резиденттер үшін:

1. Шарт жасау туралы өтініш хаты;

2. Ағымдағы шоттардың бар болуына байланысты банк анықтамасы (ағымдағы күннің түпнұсқасы);

3. Қазақстан Республикасы салық төлеушісі куәлігінің көшірмесі/бизнес сәйкестендіру нөмірі — БСН (заңды тұлғалар үшін);

4. Қазақстан Республикасы салық төлеушісі куәлігінің көшірмесі/жеке сәйкестендіру нөмірі — ЖСН (жеке тұлғалар үшін);

5. Құрылтайшылық құжаттардың нотариалдық расталған көшірмелері — Жарғы, БСН;

6. Құрылтайшының хаттамалық шешімінің көшірмелері, тағайындау туралы бұйрығы, жетекшінің жеке куәлігі;

ҚР резиденттері емес тұлғалар үшін:

1. Шарт жасау туралы өтініш хаты;

2. Заңды тұлғалардың бірыңғай мемлекеттік тізілімінен көшірме;

3. СЖН;

4. НМТН;

5. Ағымдағы шоттардың бар болуына байланысты банк анықтамасы (ағымдағы күннің түпнұсқасы);

6. Жарғы (толық көлемде);

7. Құрылтайшының Атқарушы органын тағайындау жөніндегі шешімі, тағайындау туралы бұйрығы (Директорды, Бас директорды).

Барлық мәлімдемелер құжаттардың толық пакетінің бар болуы жағдайында ғана қарастырылатын болады. Қандай да бір құжат болмаса, мәлімдеме қарастырылмайды.

Құжаттардың түпнұсқаларын мына мекенжайға жіберуге болады: Астана қ., Достық к-сі, 18.

Сатулар басқармасының анықтама телефоны мен байланыс тұлғалары: +7 (7172) 94-26-26