#

Акционерлерге

«Кедентранссервис» АҚ өзінің қызметін ҚР көлік-логистикалық нарығында 20 жыл жүзеге асырып келетін ірі терминалдық оператор болып табылады.

2019 жылғы 26 қарашада «ТрансКонтейнер» ЖАҚ пен «Қазақстан темір жолы» Ұлттық Компаниясы» АҚ арасында «Logistic System Management B. V.» компаниясының Жарғылық капиталының 50%-ын сатып алу-сату шарты жасалды.

2020 жылғы 22 мамырда «Logistic System Management B. V.» компаниясының акциялары қайта тіркелді, нәтижесінде «Кедентранссервис» АҚ-ның жалғыз акционері «Logistic System Management B. V.» болды.

Бүгін «Кедентранссервис» АҚ — Достық станциясында вагондарды 1435 жолдан 1520 жолға түсіретін жүк тиейтін қызмет нарығының көшбасшысы болып табылады, Достық станциясында жалпы қуаттылығы 5,3 млн. тонна/жылына тең 7 жүк тиейтін орын басқарылады. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының негізгі жүк құрайтын аймақтарында 19 жүк терминалдары бар.

«Кедентранссервис» АҚ жүктерді темір жол және автомобиль көлігімен экспорттау, импорттау, ішкі және транзиттік қатынастар тасымалы саласында толық көлік-логистикалық кешенді ұсынады.

Акционерлік қоғам тіркеушіне қатысты мәліметтер:
  • "Бағалы қағаздардың бірыңғай тіркеушісі" акционерлік қоғамы
  • Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 050000 Алматы қ., Абылай хан 141үй
  • Анықтама телефоны: 8 (727) 272 47 60