#

# Жаңалықтар

«Көрісу – Амал мерекесі»

14.03.2025

Бүгін Қазақстанның 11 қаласында «Кедентранссервис» АҚ филиалдары аумақтарында «Көрісу – Амал мерекесі» мерекесіне арналған этно – ауылдар мен іс-шаралар (сәлемдесу, жылы кездесулер мен ізгі тілектер күні) ұйымдастырылды.

Салтанатты іс-шараларға теміржол саласын дамытуға қосқан баға жетпес үлесі ерекше және ризашылықпен атап өтілген компанияның қызметкерлері
мен зейнеткерлері қатысуда.

Көрісу күні – көктемнің  және Наурыз мерекесінің басталуын, табиғаттың жаңаруын және ұрпақтар бірлігін бейнелейтін ежелгі дәстүрлі мереке.
Бұл күні жастар дәстүрлі түрде үлкендерге барып, құрмет, ризашылық білдіріп, жолдарын ашуға бата сұрайды. Наурызнама терең мағынаға ие болып келеді. 2024 жылы Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен бекітілген мерекені жаңа форматта атап өту Наурызды көпкүндік әрі мәдени оқиғаларға толы етеді.