Жаңалықтар

Кедентранссервис жобалары көлік және логистика саласындағы беделді Еуразиялық сыйлықпен екі номинацияда бірден марапатталды
19.12.2024
«Кедентранссервис» АҚ жобалары 2024 жылғы «Магистраль Awards» көлік және логистика саласындағы Еуразиялық сыйлығымен екі номинация бойынша – «Жылдың үздік жобасы» және «Сәтті бастама» номинацияларында марапатталды.
Сиань қаласындағы көлік-логистикалық орталық «Жылдың үздік жобасы» атанды. Рекордтық қысқа мерзімде салынған терминал Қытайдың жүк құраушы аймағындағы негізгі логистикалық хабқа айналды, ол ҚХР-дың барлық аймақтарынан және негізгі халықаралық бағыттардан жүктерді шоғырландырады.
Жылына шамамен 133 мың ЖФЭ (жиырма футтық эквивалент) жобалық қуаты бар көлік-логистикалық орталық Орталық Азия, ТМД елдері және Ресей бағытында теміржол және автокөлікпен жөнелтулерді қалыптастыруға, жүктерді жеткізу мерзімдерін едәуір қысқартуға және «соңғы миль» қағидаты бойынша көлік-логистикалық қызметтерді ұсынуға мүмкіндік берді.
Аймақтың негізгі жүк жөнелтушілері – автомобильдер мен олардың құрамдас бөліктерін, электронды техниканы мен жабдықтарды, металл бұйымдарын және жинақталған жүктерді өндірушілер.
Терминал ашылғаннан бері шамамен 23 мың ЖФЭ өңделді, 2030 жылға қарай жылына 83 мың ЖФЭ дейін жеткізу жоспарлануда.
«Сәтті бастама» номинациясында «Кедентранссервис» АҚ Әзірбайжанның Алят теңіз портында интермодальды жүк терминалын құру жобасы үшін марапатталды.
Ағымдағы жылдың 12 қарашасында Бакуде БҰҰ-ның 29-шы конференциясы (COP 29) аясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ серіктестермен бірлесіп, жобаны іске асыру туралы келісімге қол қою арқылы жобаны сәтті бастады.
Жылына 1 500 мың тоннадан астам жобалық қуаты бар 5 га аумақты жаңа терминалдық кешені әмбебап жүк алаңын, 5 000 шаршы метр аумақты жабық қойма кешенін және 1 000-нан астам контейнерді қамтитын контейнерлік алаңды салуды көздейді.
Бұл жобаны іске асыру процестерді оңтайландыруға және тасымалдау көлемін ұлғайтуға, сондай-ақ Қытай, Қазақстан және Әзірбайжанның жетекші көлік-логистикалық хабтарын біріктіретін бірыңғай көлік платформасын құруға мүмкіндік береді.